Түркияда орман өртінен мыңдаған адам эвакуацияланды

Түркияда орман алқаптары өртеніп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Ыстық пен желдің екпіні одан сайын лаулатқан от бірнеше мың шақырымды шарпып үлгерген. Анталья, Адана, Мерсин, Кахраманмараш провинцияларын қоса алғанда, 30-дан астам өрт ошағы тіркелді. Әсіресе, солтүстік-батыс және оңтүстік аймақтар қатты зиян шеккен. Мұнда мыңдаған адам эвакуацияланды. Өртті сөндіруге жүздеген техника, ұшақ, тікұшақтар мен 400-ге жуық бригада жұмылдырылды. Мамандар қызыл жалынның өршуін климаттық өзгеріспен байланыстырады.

Айта кетейік, осыдан 3 жыл бұрын ел тарихында ең ауқымды орман өрті тіркелген еді.