Словения парламенті Палестина мемлекетін мойындады

Словения парламенті Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде ресми мойындау туралы үкімет шешімін мақұлдады, деп хабарлайды 24kz.

Осылайша, Палестинаны тану мәселесі бойынша Ирландия, Испания және Норвегия секілді елдердің қатарына қосылды. Жақын арада бұл тізімге Мальта да қосылуы мүмкін. Жалпы Палестинаның егемендігін Біріккен ұлттар ұйымына мүше 193 елдің 140-тан астамы мойындап отыр. Бірақ Израиль әлем елдерінің мұндай шешімін айыптап, терроризмді ынталандыру деп атады. Палестинаның егемендігін мойындаған бірнеше елден Израиль елшілері кері қайтарылды.