Кейінгі 12 ай адамзат тарихындағы ең ыстық мезгіл болмақ

Кейінгі 12 ай адамзат тарихындағы ең ыстық мезгіл, рекордтық температура ретінде тіркелді.

Бұған климаттың өзгеруі себеп. 2015 жылы 194 мемлекеттің өкілі Париж келісіміне қол қойған еді. Онда орташа температураны индустрияға дейінгі дәуірдегі көрсеткіштен 1,5 градусқа асырмауға уағдаласқан. Бірақ мамандар қазіргі ахуалға қарап, алдағы 5 жылда көрсеткіштің белгіленген межеден асып кететінін болжап отыр.

Карло Буонтемпо, «Коперник» климаттың өзгеруін бақылау қызметінің директоры:

- Бұл – бұрын-соңды болмаған жағдай. Ал алдағы жылдары ахуал тек ушыға бермек. Демек бұдан да ыстық болуы ықтимал. Сонда да барлық елдер күш біріктірсе, жағдай өзгеруі мүмкін. Парниктік газдардың мөлшерін азайтсақ, ғасыр соңына таман қауіпті межеге жеткізбеуімізге де болады.