Испания жағалауында 500-ден астам мигрант құтқарылды
Канар аралдары жағалауында 500-ден аса мигрант құтқарылды.
Көбі Африканың солтүстігіндегі елдердің азаматтары. Арасында балалар да бар. Олар ағаш қайыққа мініп, аралға жетпек болған. Бірақ жарты жолда көліктері суға кеткен. Канар аралдары Испанияның аумағы саналады. Африка жағалауынан небәрі 100 шақырым жерде орналасқан. Сондықтан құрлықтан Еуропаға жол тартқан заңсыз мигранттар алдымен осында жетіп алып жатады. Сөйтіп жыл басынан бері аралға 17 мың адам заңсыз келген.