Огайо штатында алапат құйын көтерілді

АҚШ-тың Огайо штатында алапат құйын көтерілді.

Табиғи апаттан электр сымдары үзіліп, үйлер қирап қалған. Ағаштар құлап, көлік қатынасы шектелген. Бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазір штат аумағында үйінділерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Билік өкілдері құйыннан келген шығын көлемін есептеуге кірісті.