Түркияда теңге ілу ұлттық спорт түрі таныстырылды
Қазақ палуандары мен шабандоздары аударыспақ пен теңге ілу ұлттық спорттарын түрік жұртшылығына таныстырды.
Спортшыларымыз Ыстамбұлдағы этноспорт мәдени шарасы аясында өнер көрсетті. Мәдени фестиваль қалай өтіп жатыр?
Меруерт Қанағат, тілші:
- Түркияның Ыстамбұл қаласында 6-этноспорт мәдени фестивалі өтіп жатыр. Халықаралық шарада Түркияда ұмыт болған Аударыспақ және теңге ілу ойындарын спортшыларымыз таныстыруда. Ортақ мұраны қазақтың екі бірлей палуаны жандандырды. Аударыспақ спортының қыр-сырын Анадолыдағы жұртшылыққа Біржан Қосалиев пен Сырым Ізбасаров паш етті. Төрт күнге созылатын халықаралық шарада қонақтар күзде Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген киіз үйге келіп, ақпарат алуда. Айта кеткен жөн, алтыншы этноспорт мәдени фестиваліне шамамен 1 млн астам адам келеді деп көзделген. Спорттық шаралардан бөлек мұнда көшпенді халықтардың мәдениеті көрсетіліп жатыр. Мұнда қазақтың екі бірдей киіз үйі бой көтеріп тұр. Соның бірі Алтай қазақ қоғамының шаңырағы. Айтулы шараға, қандастарымыз ерекше дайындықпен келіпті. Хусейин Ертұғрұл есімді Ыстамбұлдағы қаракөзіміз 10 түрік жасына домбырамен таныстырып, қос ішекті құлағна қалай тарту керектігін түсіндіріп отыр. Үйренушілер арасында қазақ тілін бір адамдай меңгергендер бар.
- Есіміңіз кім? Қазақ тілін қайдан білесіз және домбыра жайлы қайдан есіттіңіз?
Бетюль Кафтан, тұрғын:
Гөкче Алхым, тұрғын: