БҰҰ Израиль қорғаныс күштерін қара тізімге енгізді

Израиль қорғаныс күштері қақтығыс кезінде бала құқығын бұзғаны үшін БҰҰ-ның қара тізіміне енді.

ХАМАС қозғалысы мен палестиналық «Ислам джихады» ұйымы да құқық бұзушылардың қатарына жатқызылған. Шешімді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш халықаралық бала құқығына қатысты есебін баяндау барысында қабылдады. Халықаралық құрылымның Израильдегі елшісі бұған наразылық танытып, ЦАХАЛ ұйымын «талаптарды сақтаушы әскер» деп мәлімдеді. Ал Газа секторының Денсаулық сақтау қызметінің хабарлауынша, аймақта қақтығыс басталғалы 15 мың бала қаза тапты. Тағы 3,5 мыңы аштықтан зардап шегіп отыр.