Израиль әскері тұтқындағы 4 адамды босатты

Израиль күштері Газа секторында арнайы операция жүргізіп, ХАМАС ұйымы кепілге алған 4 азаматты босатты.

Бұл туралы Израиль Қорғаныс министрлігі хабарлады. Олардың барлығы Тель-Ха-Шомердегі ауруханаға жеткізілді. Израиль билігінің мәлімдеуінше, ХАМАС әлі 120 адамды кепілде ұстап отыр. Олардың үштен бірі мерт болған. Осыған байланысты Премьер-министр Биньямин Нетаньяху тұтқындағылар түгел босатылмайынша, аймақтағы шабуылды тоқтатпайтынын тағы қайталады. Ал Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израиль жасақтарының кейінгі әскери операциясы кезінде 50-ден астам палестиналық көз жұмған. Олардың арасында балалар бар.