Түркияда мамырда инфляция 75% асып кетті
Бұл – кейінгі 1,5 жылдағы рекортық көрсеткіш.
Қымбатшылық әсіресе білім беру, баспана нарығы мен қоғамдық тамақтану саласында қатты сезіліп отыр. Кафе, мейрамханаларда баға 93%-ке өскен. Коммуналдық қызмет ақысы да артқан. Түрік билігі ұзақ уақыт бойы пайыздық мөлшерлемені көтермей келді. Сарапшылар содан инфляция шарықтап кеткенін айтады. Бірақ былтырдан бері Орталық банк қаржы-несие саясатын өзгертті.