Мексиканы 90% қуаңшылық жайлады

Мексиканы 90% қуаңшылық жайлады

Бұл – 2011 жылдан бері болмаған жағдай.

Әсіресе АҚШ-пен шекаралас Чи-Уауа штатындағы ахуал күрделі. Мұнда ауа температурасы 40 градустан төмен түспей тұр. Қоймалардағы судың деңгейі төмендеп, ауыл шаруашылығы саласы зор шығынға батты. Су тапшылығынан малдың қырылуы көбейген. Мексикада жаз басталмай, рекордтық температуралар жиі тіркеліп жатыр. Аптап ыстықтан кейінгі 4 айда 90 адам қайтыс болған. 

Саул Саусамеда, Анауак қауымдастығының басшысы:

- Балық жаппай қырылып жатыр. Өйткені су тартылып барады. Ал жаңбыр жаумағалы көп болды. Бұған қоса бізді санитарлық ахуал да алаңдатып отыр. Себебі су ластанып, түрлі аурулар тарауы мүмкін.