Англияға құлпынай теруге кеткен Қазақстан азаматтарының саны артқан
Елде жұмысшы қолы жетпей жатса, жерлестеріміз Англияға барып құлпынай теріп жүр.
Біздегі көші-қон комитетінің есебі бойынша былтыр бұл елге уақытша жұмыстарға 5 мыңға жуық адам барған. Есеп бір жылда 87,6 пайызға артып отыр. Жалпы Ұлыбританиядағы қара жұмысшылардың төрттен бір бөлігі Орталық Азиядан келеді. Жұмысшы нөпіріне агроөнеркәсіптік кешенді қолдау бағытында арнайы қабылданған бағдарлама әсер еткен. Оған сәйкес, фермерлерге сырттан жұмыс күшін тарту бойынша берілетін квота саны көбейтілген. Ал жат жерде жалданып жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар жалақының жоғары екенін айтады. Мәселен, Ұлыбританиядағы құлпынай фермасында істеп, айына 737 мыңнан - 1 миллион 300 мың теңгеге дейін табыс табуға болады.