Еуропада қызмет көрсету саласында маман жетіспейді
1 даяшы 1 күнде 55 адамға қызмет көрсетеді.
Туристер көп баратын елдің бірі Грекияда жағдай осылай. Сондықтан грек билігі жұмысшыны Мысырдан шақырмақ. Осы жазда 2400 мысырлық жұмысшы Афинаға барады. Бұл екі елдің еңбек министрлері жасасқан өзара келісімі. Мұндай келісім, 2022 жылы Бангладешпен де бекітілген. Сондай-ақ былтыр Грекия парламенті 30 мыңға жуық заңсыз мигрантқа Грекияда 3 жыл тұрып, жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заң да қабылдады. Өйткені халықтың қартаюы туризм, ауыл шаруашылық секторы, жалпы экономикаға айтарлықтай кері әсерін тигізген.
ЦИТАТА:
Өзге елден жұмысшыларды қызметке тартып қана қоймай, оларды сол салада оқыту, ынталандыру шаралары да мемлекеттің мойнында. Жалпы, қазірде маусымдық жұмысшылар күші, тек туризм саласында емес, ауылшаруашылық саласында да жетіспейді.
Александрос Танос, Грекия туризм конфедерациясының кеңесшісі:
Еуропа даяшыға зәру
Эстония
Эстонияда мейрамханалар мен қонақ үйлер жұмысқа қабылдауды қыста бастап кеткен. Ертерек қамданбаса болмайды. Өйткені тарихи мекен Таллиннің кереметін көруге баратын турист көп. Сондықтан биыл көптеген жұмыс берушілер, шетелдік жұмысшыларға "эстон тілін білу міндетті" деген талапты алып тастады.
ЦИТАТА:
Қазір менің қарамағымдағы қызметкерлердің 80%-ы ағылшын тілінде сөйлейді. Мейрамханамыз қаланың орталығында орналасқан туристік орын болғандықтан, бұл аса бас қатырарлық мәселе емес. Маңыздысы, келген қонақтарға сапалы қызмет көрсету.
Александр Харди, кәсіпкер
Жалақы жоғары, жұмысшы жоқ
Польша
Польша мемлекеті де қызметке жұмысшы тарта алмай әлек. Мұнда жазда жұмыс істеймін деген адамға мемлекет айына біздің теңгеге шаққанда 835 мың 145 теңге төлейді. Себебі маусымдық жұмыс күші жетіспейді. Сондықтан билік биыл осындай амалға көшті. Яғни жұмысшыларды жалақы көлемін арттыру арқылы тартпақ. Бұл сома өткен жылдармен салыстырғанда 14,4% пайызға көп. Жұмыс күші құрылыстан бастап, логистикалық қоймаларға ауадай қажет. Киім-кешек орап та, қомақты табыс табуға болады. Наурызда 50 мың жұмыс орны бос болған. Жыл сайын 27 мамандық бойынша кадр тапшылығы сезіледі. Оның ішінде, сауда, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және білім беру саласы бар.
Цитата
Польша екінші жыл қатарынан жазғы маусымда осындай жұмысшы тапшылығын өткеруде. Өйткені көбі Германия, Нидерландқа кетіп жатыр. Ол жақта жалақы бізге қарағанда жоғары болды.
Марьяна Семенюк, көші-қон бағдарламасының жұмысқа қабылдау бойынша өкілі:
Лондонда өзге елден келген жұмысшы көп
Ұлыбритания
Ұлыбританияға да ыдыс жуушы, жүк тасушы, даяшы жетіспейді. Бұрын оны мигранттар істегесін, жұмысшы тапшылығы аса сезілмейтін. Корольдік 2021 жылы Еуроодақтың құрамынан шыққаннан кейін, олардың шекарадан өтуі қатаңдады. Қазір билік жалақыны өсірген соң, Еуропадан емес, Африкадан, Азиядан өзге де контингенттен баратын жастар көбейді. Оның ішінде біздің елден де, жайлы жұмыс тауып, жақсы жалақы алатындары бар. Лондондағы отандасымыздың айтуы бойынша, мейрамхана, қонақ үй саласындағы қызметкерлердің 95%-і өзге елдің азаматтары.
Бақыт Мұқтарқызы, Лондондағы қазақ азаматы:
- Қазір менімен бірге жұмыс жасайтын жұмысшылардың көбісі Африка мемлекетінен келген. Камерун, Гана және Нигерия сияқты мемлекеттерден келіп жұмыс жасайды. Одан бөлек, Латын Америкасынан да келеді. Мысалға, менің қазіргі дәл таңда Куба, Колумбия және Перу сияқты мемлекеттерден әріптестерім бар.
Жалпы еңбек нарығындағы теңсіздік күн тәртібінен түспейтін тақырып. Бұған қатысты статистикалар да, пікірлер де әлі бір қалыпқа келген жоқ.
Мәселен, жұмыс күшінің жетіспеушілігіне қарамастан сарапшылар, алдағы 5 жыл ішінде әлемде 14 млн адам жұмыссыз қалады дейді. Мұны көбіне технологияның дамуымен байланыстырады.