Калифорнияда он жылда өрт түтінінен 52 мың адам көз жұмды
Калифорнияда 10 жыл ішінде орман өртінен тараған түтіннен 52 мыңнан аса адам көз жұмды, деп хабарлайды 24kz.
Көбі тыныс алу жолдары мен жүрек ауруларынан қайтыс болған. Ғалымдар 2008-2018 жылдар аралығындағы жағдайды зерттеген. Негізі штат тарихындағы ең ауыр кезеңнің бірі 2020 жыл болды. Ол кезде тілсіз жаудан 25 миллионнан аса адам жапа шекті. Осы орман өрті салдарынан өңірде кісі өлімі артып, денсаулық сақтау саласының шығыны 432 миллиард долларға дейін жеткен.