Singapore Airlines жолаушыларға өтемақы төлейді

Singapore Airlines әуе компаниясы турбуленттік кезде зардап шеккен жолаушыларға өтемақы төлейді, деп хабарлайды 24kz.

Ол жарақат түріне қарай 10 мың АҚШ долларынан бастап 25 мыңға дейін жетеді. Бұл оқиға мамырдың соңында болған еді. Лондоннан Сингапурге бет алған Boeing 777 турбулентті аймаққа түсіп қалған. Бортында 200-ден аса адам отырған. Ондағаны жарақат алған. Алдын ала мәлімет бойынша 73 жастағы тағы бір жолаушы жүрек ұстамасынан қайтыс болған. Қазір халықаралық сарапшылардың қатысуымен тергеу жалғасып жатыр. Сингапурдің ұлттық әуе компаниясы жарақат алғандардан бөлек, сол рейспен ұшқан барлық жолаушыға билеттің ақшасын қайтарып беретін болды.