АҚШ Газа секторына $400 млн аударады

АҚШ Газа секторында қақтығыстан зардап шеккен тұрғындарға 400 млн доллар қаражат бөледі.

Бұл жөнінде Американың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Иорданияда өткен халықаралық конференцияда мәлімдеді. Қаржылай көмек аймақты азық-түлік, медициналық жабдықтармен қамтуға жұмсалады. 2021 жылдан бері Америка билігі палестиналықтарды қолдау мақсатында бас-аяғы 2 миллиард доллар қаражат аударған. Сондай-ақ Блинкен Израиль билігін гуманитарлық қызметкерлердің виза рәсімін жеделдетіп, жүк көліктерінің Газа секторына өту мүмкіндігін кеңейтуге шақырды.

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың аймақтағы қақтығысты тоқтату туралы қарарын қолдады. Құжат Джо Байденнің 3 кезеңнен тұратын бейбіт жоспарына негізделген.