Әлемдік экономикаға қатысты болжам

Пандемиядан кейін алғаш рет жаһандық экономиканың өсімі тұрақтала бастады, деп хабарлайды 24.kz.

Биыл әлемдік экономика 2,6 пайызға өседі. Бұл пандемияға дейінгі орташа көрсеткіштен төмендеу. Десе де қазіргі жағдай да жаман емес. Дүниежүзілік банк өкілдерінің пайымы осындай. Сонымен бірге биыл жаһандық инфляция 3,5 пайызға дейін төмендейді. Бірақ үдеріс баяу жүріп жатқанын айтады. Сондықтан әлем елдерінің орталық банктері қаржы-несие саясатын аса қатты жеңілдете қоймас. Демек пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі екіталай, дейді мамандар.