Еуроодақ Қытай электр көліктеріне 38% салық салады
Еуропалық комиссия Қытайда өндірілетін электромобильдерге 38% баж салығын енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Жаңа ереже келесі айдан бастап күшіне енеді. Сарапшылардың сөзінше, бұл шаралар Еуропалық Одақ пен Қытайдың сауда қатынасына айтарлықтай өзгеріс әкелуі мүмкін. Өйткені аспанасты елінен Кәрі құрлыққа үлкен көлемде электрокар жеткізу тоқтатылады. Бұл қытай көліктеріне сұранысты азайтады. Осы себептен ел билігі Еуроодақтың шешіміне наразылық танытты.