Мәскеу биржасы доллар және еуромен сауда-саттық жасамайды
Мәскеу биржасы бүгіннен бастап доллар және еуромен сауда-саттық жасамайды. Оған АҚШ-тың жаңа санкциялары себеп.
Сөйтіп «қара тізімге» тағы 300-дей компания мен 33 жеке тұлға қосылды. Олардың қатарында Мәскеу биржасы мен валюталық сауда-саттыққа жауапты Ұлттық клиринг орталығы бар. Десе де көрші елдің орталық банк өкілдері жеке тұлғалар мен компаниялар доллар мен еуроны сату және сатып алуды Ресей банктері арқылы жүргізе беретінін айтады. Бірақ ондай операциялар биржадан тыс нарықта жасалады.