Ауғанстанда шегіртке қаптады

Ауғанстан екі жылдан бері марокколық шегірткенің шабуылына ұшырап келеді.

Бұл туралы БҰҰ Азық-түлік агенттігі хабарлады. Тікмұртты зиянкестер әсіресе солтүстік аймақтарда ойран салып жатыр. Ауғанстанның егінді өлкесі саналатын Тахар, Құндыз провинциялары қатты зардап шеккен. Жәндіктер аймақтағы астық қоймалары мен бидай алқаптарына зиян тигізген.

Ричард Тренчард, Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының Ауғанстандағы өкілі:

- Марокко шегірткесі күніне 500, 600 метр қашықтықта жүре алады. Олар бидай алқаптарында дақылдарды түк қалдырмай кеміріп тастаған. Зиянкестерді жою үшін біз ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, маңызды шаралар қабылдадық. Әсіресе зардап шеккен солтүстік аймақты қауіптен арылтып жатырмыз.