G7 Хамасты бейбіт келісімді қабылдауға шақырды

Палестина-Израиль қақтығысына нүкте қою үшін Палестинаны мойындағаннан кейін бейбіт күнге қайта оралу қажет, деп хабарлайды 24kz.

Италияның Апулия қаласында өтіп жатқан шарада Үлкен жетілік көшбасшылары осылай деп мәлімдеді. Жиынға қатысушылар Хамасты Израильмен атысты тоқтату туралы келісімге келіп, кепілдегілерді қайтаруға үндеді. Ал Израильге халықаралық құқықты сақтап, Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге кедергі келтірмеуін ескертті. Сонымен қатар олар Рафах қаласындағы шабуылға қатысты алаңдаушылық білдірді. «Себебі қақтығыс жалғасқан сайын адам шығыны артуда», - дейді сарапшылар.