Жапонияда толассыз нөсер соңы тасқынға ұласты

Жапонияның Окинава префектурасында нөсер жауын тасқынға ұласты, деп хабарлайды 24kz.

Бір сағат ішінде 110 миллиметр жаңбыр жауған. Соның кесірінен қозғалыс қиындап, жүріс шектелді. Тұрғындар амалсыз су кешіп жүр. «Тәулік ішінде 100 жылда жаумаған жауын-шашын түсті», - дейді мамандар. Алдағы бірнеше күнде көшкін жүріп, нөсер тоқтамайтынын ескертті.