Оңтүстік Африкада шешек ауруынан екі адам көз жұмды

Оңтүстік Африкада шешек ауруынан екі адам қайтыс болды. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрі хабарлады.

Оның сөзінше, Гутенг және Квазулу-Натал аймақтарында ауру ошағы тіркелді. Вирус 6 адамнан анықталған. Қазір науқастар дәрігерлердің бақылауында. Дерт құрбандарымен тығыз байланыс орнатқан тұрғындар да 3 апта емдеу мекемесінде қадағалауда болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, осыдан 2 жыл бұрын шешек ауруы әлемнің 100 елінде тіркелген. Былтыр бірде-бір мемлекетте вирус анықталған жоқ.