Меккеде су шашқыш бағандар орнатылды
Сауд Арабиясында күн жанып тұр.
Ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілген. Аптапта қажылар үшін құлшылық ету қиынға соғып отыр. Ел билігі ыстықтан қорғану үшін Арафат тауынан Меккеге дейін су тұмандарын орнатып жатыр. 10 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолына 750 су бағаны қойылған. Күндізгі ғибадат пен қажылық рәсімдерді орындау кезінде олар жан-жақтан су шашып, салқындатып тұрады. Биыл Сауд Арабиясына 2 миллион адам қажылыққа келуі мүмкін.