Лион қаласында оңшылдарға қарсы наразылық шарасы өтті

Францияның Лион қаласында оңшылдарға қарсы наразылық шарасы өтті.

Мыңдаған шеруші ЕуроПарламент сайлауында жеңіске жеткен Марин Ле Пен партиясына осылай қарсылық танытты. Акция кезінде тәртіпсіздіктерге жол беріліп, полиция көзден жас ағызатын газ қолданды. Наразылық елдің басқа да өңірлерінде жүріп жатыр. Шерулерге 200 мыңнан астам адам қатысқан. Бұған дейін солшылдар Ле Пен бастаған оңшылдардың жеңісіне жол бермеу үшін коалиция құрған. Бірақ сауалнамалар ұлтшылдардың Парламенттік сайлауда жеңіске жетіп, Францияның жаңа үкіметін құра алатындығын көрсетті.