Ауғанстандағы әйелдердің жағдайы қатты алаңдаушылық тудырып отыр
Әлемде әр төрт елдің үшеуінде адам құқықтарына қатысты жағдай нашарлап кетті.
Бұл үрдіс әсіресе 2016 жылдан бері күшейген. "Заң үстемдігі индексін" құрушылар осылай деп отыр. Баяндама әр елдегі заң үстемдігі саласындағы жағдайды бақылап, олқылықтарды жою үшін қолданылады. Беделді ұйым рейтінгісінде қандай мемлекет үздік танылып отыр? Ал көш соңында кімдер қалып қойып отыр?
Бұл жолы рейтингке 142 ел кірді. "Уорлд Джастис Проджект" халықаралық ұйымының өкілдері ондағы жағдайды 8 негзігі фактор бойынша бағалады. Олар: үкіметтік өкілеттіктің шектелуі, жемқорлықтың төмен деңгейі, азаматар үшін ашық үкімет, негізгі құқықтар, тәртіп пен қауіпсіздік, нормативтік талаптардың сақталуы, азаматтық және қылмыстық әділдік. Аталған талаптар Скандинваия елдерінде жақсы сақталатын болып шықты. Сөйтіп индексте Дания ең үздік деп танылды. Бұл елден бөлек алғашқы бестікке Норвегия, Финляндия, Швеция мен Германия кірді. Жалпы мамандар кейінгі жылдары тізімдегі көп елде заң үстемдігі нашарлап бара жатқанын айтады. Әсіресе бостандық, білім алу, еңбек ету секілді негізгі құқықтардың бұзылуы жиілегеніне назар аударады.
Цитата
Уильям Нойк, World Justice Project ұйымының басшысы:
"Заң үстемдігін сақтамай отырған елдердің көбейіп келе жатқанын көріп отырмыз. Салдарынан атқарушы билікті теріс пайдалану, адам құқықтарының шектелуі, сондай-ақ сот жүйесі тарапынан азаматтардың талаптарын ескерусіз қалдыру оқиғалары жиілеген."
Ал Заң үстемдігі қамтамасыз етілмей отырған елдердің қатарына Конго, Гаити, Ауғанстан, Камбоджа және Венесуэла жатқызылды. Аталған мемлекеттердің ішінде әсіресе Ауғанстандағы ахуал алаңдатарлық. Кейінгі жылда мұндағы жағдай тіптен нашарлап кеткен. Сарапшылар әсіресе әйелдер үшін қатты алаңдаулы. Өйткені ЮНЕСКО мәліметі бойынша, қыздардың 80 пайызы білім алу мүмкіндігінен айырылған. Бұл тәліптердің алдыңғы биліктің кейінгі 20 жылда қол жеткізген жетістіктерін аяқ асты еткенін көрсетеді. Бұдан бөлек қозғалыс билікке келгелі қыз-келіншектердің еңбек ету құқығын шектеп, үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеуіне тыйым салды. Кезінде ондай мекемелередегі нәзік жандардың үлесі 45 пайызға дейін жететін. Мамандар заң үстемдігі Ауғанстаннан бөлек Иран, Болгария, Гондурас, Словения, Иордания және Африка елдерінде сақталмай отыр дейді.