Гонконг әлемдегі ең қымбат қала атанды
Гонконг сырттан келіп жұмыс істейтіндер үшін әлемдегі ең қымбат қала атанды.
Қытайдың арнайы әкімшілік ауданы былтыр да осы рейтингіде бірінші орында болған. Алғашқы бестікке Сингапур мен Швейцарияның 3 бірдей қаласы кірген. Рейтинг құру кезінде үйдің бағасы, көлік шығындары, тауарлар мен қызмет құны ескерілген. Ал шетелдік қызметкерлер үшін ең арзан шаһарлар қатарында Пәкістан астанасы Исламабад пен Нигерияның екі қаласы бар.