Үндістанда пойыз апатынан 15 адам көз жұмды
Үндістанның Батыс Бенгал штатында жолаушылар пойызы мен жүк пойызы соқтығысып, 15 адам мерт болды.
60-қа тарта кісі ауыр жарақат алды. Жолаушылар компаниясының мәлімдеуінше, жүк пойызының машинисі берілген белгіні ескермей, жүрдек пойызды артынан келіп соққан. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Дәл осындай жағдай былтыр Баласорда болып, 296 адам көз жұмған.