Әлемде климаттың өзгеруінен шаруалар зор шығынға батып жатыр

Әлемде климаттың өзгеруі салдарынан ауыл шаруашылығы саласы зор шығынға батып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Осы ретте мемлекеттің қолдауы аса маңызды. Мысалы, АҚШ-та ауыл шаруашылығы өнімінің бағасы төмендесе, үкіметтен бөлінетін қаржы көлемі артады. Үндістанда аграрлық сектордағы субсидиядарға жылына 11 милилард доллар бөлінеді. Бірақ қыруар қаржы қарастырылғанымен, күрделі сауда саясатының салдарынан фермерлерге үлкен салық салынады.

Диктор:

- Аталған елдерден бөлек, тағы қандай мемлекеттерде шаруаларға жақсы қолдау қарастырылған?

Жұлдыз Атагельдиева, тілші:

- Еуроодақта да Үндістандағыдай ауыл шаруашылығына көп қаржы бөлінеді. Бірақ түрлі себептерден фермерлер сол ақшаның өзіне қол жеткізе алмай әлекке түсетін жағдай жиі кездеседі. Ол туралы бірер секундтан кейін айтамын.

 

Еуроодақ шаруалары наразы

Еуроодақ бюджетінің 40%-і ауыл шаруашылығын қолдауға жұмсалады. Бірақ жемқорлық Одаққа мүше елдер арасында субсидиялардың дұрыс бөлінбеуінен қаржы тиімді жаратылмайды. Бұдан, әсіресе, шағын қожалықтар зардап шегеді. Осыған байланысты көктемнен бері Кәрі құрлықта шаруалардың шеруі толастамай тұр. 2027 жылға дейін одақ бюджетінен фермерлерді қолдауға 387 миллиард еуро бөлу қарастырылған. Бірақ ол егістік аумағына қарай беріледі. Жер үлкен болған сайын бөлінетін ақша да көп болады. Сөйтіп, қыруар қаржының 80%-і ірі қожалықтарға бөлінбек. Бірақ Одақта шағын қожалықтар көп. Олар кейінгі 20 жылда өтемақы 40%-ке төмендегенін айтып налиды. Әсіресе, астық пен сүт өнімдерін өндірушілері зор шығынға батуда.

Блиц 1:

- Францияда ауыл шаруашылығы құлдырап барады. Өйткені кейінгі 20 жылда билік тарапынан оған дұрыс көңіл бөлінбей келеді.

Блиц 2:

- Біздегі басты мәселе – бюрократия. Одан біздің жұмыс істеп, табыс табуымызға кедергі көп.

 

Әр елде шаруаларға түрлі қолдау бар

Швейцарияда шаруаларға мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетіледі. Ол жергілікті фермерлер табысының 60%-іне дейін жетуі мүмкін. Үкімет сүт фермаларының өндірісі мен жарнама шығындарын өтейді. Қоршаған ортаға пайдасын тигізетін шаруа қожалықтарына қосымша төлемдер қарастырылған. Ал Австралияда мемлекеттік қолдау шаруа қожалықтары табысының небәрі 1,5%-ін ғана қамтиды. Сондықтан үкімет басқа жолдармен көмектесуге тырысады. Мысалы, салық бойынша жеңілдіктер беріледі. Өнімдердің бағасын реттеуге жәрдемдесіп, оның көлемін арттыруға бағытталған зерттеулерге қаржылай қолдау көрсетіп отырады.