Қытайда су тасқынынан тоғыз адам қаза тапты
Қытай су тасқынымен бір айдан бері арпалысып әлек.
Толассыз жауын-шашынның арты көшкінге ұласып, кеше түнде 9 адам көз жұмды. Тағы 15 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Гуандун, Фуцзянь провинцияларында 130 мыңнан астам тұрғын, сусыз, жарықсыз отыр. Упин уезінде 378 үй қирап, егін алқаптары бүлінген. Апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қытайдың Төтенше жағдайлар министрлігі болса елдің тағы 17 провинциясында тасқын қаупі жоғары дейді.