Меккеде 550 адам көз жұмды
Сауд Арабиясында қажылық кезінде 550 адам көз жұмды, деп хабарлайды 24KZ.
50 градус аптап ыстықтан зардап шеккендер саны 3 мыңнан асады. Марқұмдардың басым көпшілігі – мысырлықтар. Бұл – араб елдері дипломаттарының мәлімдемесі. Ал Сауд Арабиясы Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуына қарағанда, кей адамдар өзін жайсыз сезінгеніне қарамастан ауруханаларға бармаған. «Сондықтан қажылық кезінде қаза болғандар мен зардап шеккендердің нақты санын анықтау қиынға соғып отыр», – дейді.
Джамиль Абуаленейн, Сауд Арабиясы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі:
- Мұнда келгендердің көбі күні бойы ашық аспан астында құлшылық еткенде күн өтіп, қалжыраған болу керек. Жүрек талмасы мен демікпеден қайтқандар да көп. Оның үстіне қажылыққа келгендердің басым бөлігі – қарт адамдар.