Нью-Йоркте салқындататын орындар ашылды
Нью-Йоркте күн жанып тұр.
Билік аптаптан қорғану үшін әр ауданда кітапхана ішінен арнайы орталықтар ашты. Онда салқындатқыш тәулік бойы қосылып тұрады, келушілерге мұздатылған салқын су таратылады. Кей жерлерге үй жануарларымен кіруге рұқсат етілген. Сондай-ақ билік ашық аспан астында жұмыс істейтіндер үшін ыстыққа қарсы жиынтықтар таратып жатыр. Метереологтар алдағы күндері ауа температурасы 40 градусқа дейін жетуі мүмкін дейді. Сол себепті тұрғындарға далаға шыққанда аса сақ болуға кеңес берді.
Эрик Адамс, Нью-Йорк қаласының мэрі:
- Біз аптапқа қарсы сақадай сай отырмыз. Салқындату шараларын күшейттік. Арнайы орталық санын арттырып жатырмыз. Жағажайлар мен су айдындары таңнан бастап жұмыс істеуге көшті. Ауа сапасы қатаң қадағалануда. Сондықтан тұрғындар үшін алаңдауға негіз жоқ.