Түркияда орман өртеніп жатыр
Түркияның бірқатар өңірінде аптап ыстықтан ормандар отқа оранды.
Чанаккале мен Ушак провинцияларында кеше басталған тілсіз жаумен күреске ондаған бригада жұмылдырылған.
Жақын маңдағы елдімекен тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Өрт Чанаккаледе 575 гектар жерді күлге айналдырып үлгерген. Мамандардың айтуынша, оттың бетін қайтаруға желдің екпіні кедергі келтіріп тұр. Табиғи апатқа байланысты қос өңірдегі шаруалардың жұмыстарына бірқатар шектеулер енгізілді. Түркияда жыл басынан 881 орман өрті тіркелген. Дерекке қарағанда күніне 20-ға жуық аумақта өрт шығады екен.
Ибрахим Юмаклы, Түркияның ауыл шаруашылығы және орман министрі:
- Өртке байланысты 500-ден аса тұрғын эвакуацияланды. Адам шығыны жоқ. Жалынды сөндіруге 100-ге жуық арнайы техникамен ұшақ, тікұшақтар қолданылып жатыр.
Исмет Гүнешхан, депутат:
- Өрт сабанға тасталған темекіден шыққан деген болжам бар. Сол себепті адамдарды қауіпсіздік шараларын ұмытпай, барынша сақ болуға шақырамын. Ыстықтан қураған шөп тез тұтанатынын естен шығрмауымыз қажет.