Түркияда 40 млн адамның несиесі бар. LIVE

Түркиялықтардың несие алу жағдайы қалай? Ерлі-зайыптылар несие рәсімдеу кезінде бір-бірінен рұқсат алуы қажет пе?

Меруерт Қанағат, меншікті тілші:

- Банктер одағы Тәуекел орталығының мәліметінше, Түркияда 2023 жылы жеке несие түрлерін қолданушылар саны 40 миллионға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырған 2 миллионға көп. 2023 жылдың желтоқсан айындағы деректеріне сәйкес банктер мен банктік емес қаржы ұйымдары берген жеке несиелер 76% өсіп, 2,7 триллион лираға жеткен. Бұл несиелердің 99%-ін банктер бергені байқалды.                    

Жеке несиелердің 44%-і несие картасы, 30%-і тұтыну несиесі, 16%-і тұрғын үй несиесі, 4%-і көлік несиесі және 6%-і овердрафт шоттары болды. Орташа есеппен әрбір кісі теңгеге шаққан 1 миллионға жуық несие түседі екен. Тұрғын үй несиесін пайдаланғандар саны 4 мың болса, 512 мың адам овердрафт шотын алғаш рет пайдаланса, 33 мың адам көлік несиесін пайдаланған. Жеке несие картасы бойынша қарыз алу өткен жылмен салыстырғанда 153%-ке өскен. Несие картасы бойынша қарыздар көбейгенімен, қарызын өтемегендердің азайған. 2023 жылы жеке несие картасы бойынша қарызын өтемегендердің саны 865 648 болды. Мұнда да 3,83%-ке төмендеген. 2022 жылы бұл сан 900 094 адамды құрады. Жеке несиелер бойынша жағдай өзгерген жоқ.

Жалпы елде несие картасын қолдану дәстүрі кең тараған. Елдегі инфляцияны ескерсек, тұрғындар үшін де лирамен қарызданып, кейінірек төлеген пайдалы болып тұр. Әрине, несие картасына жарнасы да өсіп жатыр. Десе де несие картаға үйренген халық үшін бұл тосқауыл емес. Жалпы банктер кез келген азаматқа несие бере бермейді. Банк сіздің жалақыңыз бен төлеу хронологияңызды сараптап, соған байланысты шешім шығарады.

Түркияда ерлі-зайыптылар несие алар тұста бір- бірінен рұқсат алулары қажет пе?

Тұтынушы несиесін аларда қажет емес. Тұрғын үй ипотека мен көлік несиесін аларда ерлі-зайыптылардың рұқсаты міндетті.

Несие айлық төлемін төленбеген жағдайда банктер 30-шы және 60-шы күндері борышкерге хабарласады. Ол әдетте қатарынан екі жарна төленбеген кезде хабарлама жібереді. Содан кейін қарызды төлеуге тағы 30 күн береді. Несиелік қарыз бойынша заңды қадағалау процесі 90 күннен кейін басталады. Кейінірек тұтынушылық несие келісімшарттары туралы ереженің аясында несиелік қарызға белгілі бір мөлшерлемелер бойынша кешіктірілген айыппұл қолданылады. Несиелік қарызды төлемегені үшін банктер өсімпұл ретінде өсімақы алады. Келісімшарт аясында көрсетілген бұл мөлшерлеме несие бойынша сыйақыдан ең көбі 30% артық болуы мүмкін. Мысалы, сіз 2%-пен алған несиеңізді төлемесеңіз, қарызыңызға 2,60% кешіктіру ақысы қосылады. Ескертуге қарамастан несиелік қарыз төленбесе, сот процесі басталады. Борышкердің ісін банк заңгерлері тексереді. Шамамен 2,5-3 жылға созылатын бақылау кезеңінен кейін борышкер банкпен емес, қарызы аударылған активтерді басқарушы компанияға қарыздар болады. Несиелік қарызды өндіріп алу өндіріп алу арқылы жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда атқарушылық орган борышкердің тиісті заңдарда белгіленген жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне тыйым салады. Содан кейін ол осы активтерді сату арқылы банк алдындағы қарыздың өтелуін қамтамасыз етеді.