Нью-Йоркте үй тағы қымбаттады

АҚШ-та баспана тағы қымбаттады, деп хабарлайды 24kz.

Мамырда үйдің орташа бағасы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ке көтерілген. Бұл туралы елдегі Риэлторлар қауымдастығы мәлімдеді. Осымен өсім 11-ші ай қатарынан тіркеліп отыр. Жалпы былтырдан бері үй қоры шамамен 20 пайызға артты. Бірақ баға қолжетімсіз. Мамандар ипотека төлемі 2020 жылға дейін сатып алынған баспана құнынан 2 есе жоғары екенін айтады.