Барселонада 2028 жылдан бастап туристерге пәтерді жалға беруге тыйым салынады

Барселонада 2028 жылдан бастап туристерге пәтерді жалға беруге тыйым салынады

Барселонада туристерге пәтерді жалға беруге тыйым салынады, деп хабарлайды 24kz.

Жаңа ереже 2028 жылы күшіне енбек. Осылайша, Испан билігі баспана бағасын ауыздықтауға ниетті. Барселона – саяхатшылар үшін ең танымал шаһарлардың бірі. Осыған байланысты қаладағы үйдің құны қымбат. Кейінгі 10 жылда баспана жалдау ақысы 68%, ал сату бағасы 40%-ке өскен. Енді 4 жылдан кейін пәтерлерді тек жергілікті тұрғындар ғана жалға алуға құқылы болмақ.