Газада әуе шабуылынан 67 адам ажал құшты

Газада әуе шабуылынан 67 адам ажал құшты

Израиль әскері Газа секторында бірнеше әуе соққысын жасап, барлығы 67 адам ажал құшты, деп хабарлайды 24kz.

Тағы жүзге жуық палестиналық жараланған. «Қызыл Жарты Ай» қызметінің хабарлауынша, әуе шабуылдарымен қоса танктер де оқ атқан. Шапқыншылық кезінде аталған халықаралық гуманитарлық ұйымның кеңсесіне зақым келді. Израиль әскерилері мұны арнаулы операция деп атап, жақын арада ресми мәлімет жариялайтынын жеткізді.