Экологтар Олимпиаданың өткізілуіне қарсы шықты

Парижде бір топ эколог шеруге шықты.

Олар Франция астанасында Олимпиада ойындарының өтуіне қарсы. Белсенділер билік қазірдің өзінде спорттық іс-шараларға дайындықты желеу етіп, бірнеше саябақ пен бау-бақшаны жойғанын алға тартады. Олар "осылайша француз үкіметі зиянды ауа қалдығынан аРылуға қатысты уәдесінен ауытқып кетті" деп айыптайды. Сондай-ақ Парижде босқындарды қудалау басталған. Жазғы Олимпиада 26 шілде мен 11 тамыз аралығында, ал Паралимпиада 28 тамыз бен 8 қыркүйекте өтеді. 

Ирис, белсенді:

"Олимпиада ойындарын өткізуден түк пайда жоқ. Бұл іс-шаралар қоршаған ортаны ластап, әлеуметтік дағдарыс тудырады. Олимпиада ойындарына арналған ақшаны экологияны жақсартуға жұмсау керек. Күнкөріс қиындап кетті. Баға тоқтаусыз өсіп жатыр. Құжаты жоқ мигранттарды қудалай күшейді."