Дағыстанда терроризмге қарсы операция аяқталды

Дағыстанның Дербент пен Махачкала қалаларында контртеррористік операция аяқталды.

Бұл туралы терроризмге қарсы күрес жөніндегі ұлттық комитет өкілдері хабарлады. Қазір аталған қалаларда тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 3 бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көзі жойылған лаңкестердің кім екені анықталды. Естеріңізге сала кетейін, кеше Дербент пен Махачкала қалаларында содырлар шіркеу мен синагоганы, сондай-ақ жол полициясы бекетін атқылады. Шабуылдан соң синагога өртке оранды. Террорлық акт салдарынан 15 полиция қызметкері мен бірнеше азамат қаза тапты. Ондаған адам жарақат алды. Лаңкестік әрекетке байланысты елде 3 күндік аза тұту жарияланды.