Бразилияда судан зардап шеккендер лагерьді паналап жүр

Ливия билігі былтыр қыркүйектегі ең ірі табиғат апатынан кейін аймақты қайта қалпына келтіруге енді кірісті.

Қазір мұнда елдімекендерді үйінділерден тазарту мен ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ жергілікті жұрт жұмыс қарқынының тым баяу әрі мардымсыз жүріп жатқанын айтып, наразылық танытуда. Өйткені көбі әлі күнге дейін баспанасыз. Тіпті кейбірі шығынды өтеу сомасы анықталғанымен үкімет тарапынан оны әлі алмаған.

Аттиа Әл-Хасади, жергілікті тұрғын:

- Қазір үкімет жергілікті және шетелдік компаниялармен бірлесіп өңірді тазарту бойынша жұмыстарды бастап кетті. Бірақ жағдайымыз қиын. Өйткені аймақтағы халықтың көбі су тасқыны кезінде баспанасы мен мал мүлкінен айырылды. Өкініштісі үкімет бізге әлі өтемақы төлеген жоқ.

Биыл көктемде табиғат апатынан Бразилия да қатты зардап шекті. Әсіресе елдің оңтүстігіндегі Риу-Гранди-Ду-Сул штатында жағдай әлі күрделі. Бүлінген инфрақұрылымды қалыпқа келтіріп, жаңа тұрғын үй салу үшін үкімет мемлекет бюджетінен 15 млрд долларға жуық қаражат бөлді. Қазір 5500 баспананың құрылысы жүріп жатыр. Бірақ тұрғындардың көбі уақытша лагерьлерді паналап жүр. 48 мың адам білім ұйымдары мен спорт залдарына орналастырылған. 

БЛИЦ

- Өңірді қалпына келтіру үшін бізге әлі 3-4 жылдай уақыт керек. Су тасқынынан келген залал орасан зор.

- Менің келіншегімнің аяғы ауыр. Соған қарамастан тазарту жұмыстарына атсалысып жүр. Өзіміз тұратын аймақты лай-қоқыстан тазартуға міндеттіміз деп ойлаймын.  

Чилиде тасқыннан жүздеген тұрғын эвакуцияланды

Ал Чилиде қатты дауылдан соң жаңбыр селдетіп, су тасып, көп үйді шайып кетті. Жүздеген тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Аймақта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ел Президенті қонысынан айырылғандарды уақытша баспанамен қамту мәселесі біраз уақытқа созылуы мүмкін екенін айтып, ол қыруар қаржыны қажет ететін жасырмады.