Такси жүргізушілері шеруге шықты
Парижде такси жүргізушілері шеруге шықты.
Мэрия ғимараты алдына жиналған жұрт жолды жауып, үкіметтен еңбек жағдайын жақсартуды талап етті.
Шерушілердің айтуынша, көшелерде жаяу жүргіншілерге басымдық берілгендіктен, қалада көлік кептелісі көбейіп кеткен. Бұған қоса, Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстары, табыс табуға кедергі келтіріп жатқан көрінеді.
Элизабет Бутсили, такси жүргізушісі:
- Жағдайымыз нашарлап барады. Осы мамандықты игеріп жүргенімде такси қызметі арқылы жақсы табысқа кенелуге болатынын айтушы еді. Қазір іс жүзінде қалай екенін өз көзіммен көріп жүрмін. Шектеу көбейді, барлық жақтан қысым сезіледі.
Валид Ханида, TEAM TAXI қауымдастығының президенті:
- Клиенттің кептелісте тұрғаны бізге тиімсіз. Такси бір орында тұрмай, үнемі қозғалыста болуы керек. Себебі біздің жұмысымыз бір жағынан әлеуметтік қызмет қой. Мысалы, егде жастағы адамдар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдаймыз. Сондықтан биліктен еңбек жағдайымызды жақсартуды сұраймыз.