Иранда 6 үміткер президенттік сайлауға түседі

Иранда 28 маусым күні президент сайлауы өтеді. Саяси додаға 6 үміткер қатысады.

Олардың арасында парламент спикері Мұхаммед Багер Гали-баф, ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздер тобының бұрынғы басшысы Саид Жалили және Тегеран мэрі Али-реза Закани бар.

Сарапшылардың пікірінше, Гали-бафтың жеңіске жетуге мүмкіндігі мол. Сайлауға қатысуға 80 адам өтініш білдірген. Бірақ Конституция сақшылар кеңесі тек 6 кандидатқа рұқсат берген.

Өткен айда Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапқан еді. Жергілікті заңға сәйкес егер президент өз міндетін атқара алмаса, 50 күн ішінде жаңа президент сайлауы өтіп, жаңа басшы тағайындалуы керек.