Дағыстандағы лаңкестік құрбандарының туыстарына өтемақы төленеді
Дағыстанда теракт кезінде қаза тапқандардың туыстарына бір миллион рубльден төленеді, деп хабарлайды 24kz.
Ал, жарақат алғандар 500 мың рубльден алады. 23 маусымда қаскөйлер Дербент және Махачкалада шіркеу, синагога мен полиция бекетіне шабуыл жасаған. Бүгін лаңкестік кезінде жарақат алған тағы бір полицей қаза тауып, құрбандар саны 21 адамға жетті. Лаңкестікке қарсы комитет өкілдері 5 содырдың көзі жойылғаны туралы хабарлады. Солардың қатарында Дағыстандағы Сергокалинский ауданы басшысының ұлдары мен жиені болған. Шенеунік қызметінен босатылды. Ал елде 3 күндік аза тұту жарияланды.