Бразилияда орман өртінен төтенше жағдай жарияланды
Бразилияның оңтүстік-батысында орман өртінен төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды 24kz.
Пантанал өңірінде лаулаған жалын ырық бермей тұр. Билік қазіргі жағдай 2020 жылғы ахуалдан да қиын дейді. Ол кезде табиғаты таңғажайып аймақтың үштен бірі өртеніп, 17 миллион жануар қырылып қалған еді. Қазір сол өңірде 10 есе көп өрт ошағы тіркелген. 600 мың гектар аумақ тып-типыл жанып кетті. «Бұған жауын-шашын аз түсіп, қуаңшылықтың күшеюі себеп», - дейді мамандар.