Өзбекстанда күн 50 градусқа дейін ысиды

Өзбекстанда осы аптада күн 43 градусқа дейін ысиды.

Бірақ бұл басы ғана. Синоптиктердің болжамы бойынша ауа температурасы шілде-тамыз айларында тіпті жоғарылайды. Елдің оңтүстік өңірлері мен шөлді аймақтарында сынап бағанасы күндіз 50 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Мамандар мұндай жаз Өзбекстанда бұрын-соңды болмағанын айтады. Маусым басталғалы аптаптың беті қайтар емес. Қалалық жерлерде жауын-шашын азайып, Ташкент облысының таулы аймағы мен Ферғана даласына ғана біршама ылғал түскен. Күннің күрт ысуы өңірлерде сел жүру қаупін де туғызды. Сондықтан шалғайдағы ағайынға алдын ала қамданып, ал қала тұрғындары мен туристерге күндізгі серуен барысында бас киім киіп жүру қажеттігі ескертілді.