Жасанды интеллекті табиғат апатын болжайды

Оксфорд университетінің ғалымдары жасанды интеллектінің көмегімен табиғат апатын алдын ала болжай алады.

Технология бұлт қабаттары мен ондағы температура туралы спутниктік деректерді пайдаланып, күн райының құбылуын анықтайды. Пилоттық жобаны дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы мен университет климатологтары бірлесіп жүзеге асырды. Мамандар алдымен жауын-шашынға бейім Африка аймағында тәжірибе жасап көрмек. Қазір жоба Кения мен Эфиопияда іске асып жатыр. «Бағдарлама кәдеге жараса, әлемнің басқа елдерінде қолданысқа енгізу жоспарда бар», - дейді жоба авторлары.