Әлемде бірқатар мемлекет несие алудан бас тартты
Әлемде біраз мемлекет біртіндеп несиеден бас тартып жатыр.
Кейбірі ерікті түрде несие алмауға шешім қабылдаса, енді бірі дағдарыс себебінен қарыз ала алмай отыр. Мысалы, Шри-Ланка 2020 жылы валюта тапшылығы салдарынан қаржылай дағдарысқа ұшырап, міндеттемелерін орындай алмай қалды. Содан бері Халықаралық валюта қоры мен ірі банктер пайызбен ақша беруді доғарды. Венесуэла да 5 жыл бұрын АҚШ-тың қатаң санкцияларына ұшырап, несие беруге тыйым салынды. 2020 жылы Ливанда фунт құнсызданып, гиперинфляцияға әкелді. Бұл елдің несиеге қолжетімділігін шектеді. Қара құрлықта қарызға белшесінен батқан Замбия 20 жылдан бері халықаралық ұйымдарға берешегін өтей алмай келеді. Латын Америкасындағы Аргентина елі де жылдар бойы жалғасып келе жатқан дағдарыстан экономикасы құлдырап, ұйымдар қаржылай қолдау көрсетуін тоқтатқан. Ал Солтүстік Корея үшін несие тек кей кәсіпорындар мен азаматтарға ғана қолжетімді. Кубаға да осы күнге дейін несие алуға тыйым бар.
Несиеден бас тартқан елдер
Шри-Ланка 2020 жылы
Венесуэла 2019 жылы
Ливан 2020 жылы
Замбия 2022 жылы
Аргентина 2020 жылы
Солтүстік Корея 2010 жылы
Куба 2020 жылы
Еуропалық Одақтың Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені 2019 жылдан бері алғаш рет төмендеткенін мәлімдеді. Банктер үшін ол 4 пайыздан 3,75 пайызға дейін түсірілді. Аталған мекеме бұл ортақ аймақтағы экономиканы ынталандыру мақсатында қабылданған шешім екенін атап өтті. Өйткені қазір көп елде инфляция шарықтаған. ЕуроОдақ аумағында бағалардың өсуі біршама бәсеңдегенмен, әлі қалыпты межеге жетпеген. Аймақта қаңтар айында орташа жылдық инфляция 3,1% құрады. Бұл өткен жылғы 10%-дық көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Бірақ мамандар АҚШ-тағы экономикалық ахуалға байланысты жағдай өзгеруі мүмкін деп отыр.
АҚШ
Джули Козак, ХВҚ Байланыс жөніндегі директоры:
Әлемдік экономика ақырындап тұрақтылып келе жатқанына қарамастан көп ел қарыздың жоғары деңгейімен және бюджет тапшылығымен күресуде. ЕуроОдақта инфляция айтарлықтай төмендегендіктен Орталық банктің пайыздық мөлшерлемені қысқартуы жөн деп санаймыз. Бірақ биыл АҚШ экономикасы баяуласа өзге аймақтарға әсер етуі мүмкін деген болжам бар.
Түркияда 40 млн адамның несиесі бар
Түркия
Түркияда инфляция ырық бермей тұр. Соған қарамастан несиеге тәуелділік жоғары. Мұнда 40 млн адамның қарызы бар екен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 миллионға көп. Орташа есеппен алғанда бұл елдегі әр екінші тұрғынның біздің ақшамен есептегенде 1 миллион теңгедей несиесі бар дегенді білдіреді. Мұнда несиелік қарыз бойынша заңды қадағалау процесі 90 күннен кейін басталады. Несиелік қарызды төлемегені үшін банктер өсімпұл ретінде ақы алады. Несие алушы қарызын төлемесе, іс сотқа беріледі.
АҚШ тұрғындардың несие бойынша берешегі өте көп елдің бірі саналады. Әсіресе елде 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтарда қарыз алушылар басым. Бірақ жұрт несиені жарыса алғанымен, мерзімінде қайтармайтын көрінеді. Мәселен, биыл АҚШ азаматтарының автонесие бойынша қарызы 1,5 трлн долларға жетті. Ал былтыр несие карталарының жиынтық қарызы 1 триллион доллардан асып кетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 16,2 пайызға көп. Осыған қарамастан банктер несие карта рәсімдеуді көбейткен. Мәселен, былтыр 24 миллион шот ашылған. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдайға жалақының аздығы мен қымбатшылық түрткі. Несие саясатына қатысты әлемдік тәжірибе осындай.