БҰҰ: Әлемде балалар құқығын бұзу деректері артып барады
Әлемде балалар құқығын бұзу жағдайлары артып барады.
Біріккен ұлттар ұйымы осылай дейді. Ұйым өкілдерінің айтуынша, былтыр аталған жайт бойынша 33 мыңға жуық дерек тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21%-ке артық. Балаларға қарсы қылмыстардың басым бөлігі Газа секторында, Буркина-Фасо, Мьянма, Сирия мен Сомалиде жасалған. Аталған елдерде 5 жеткіншек көз жұмып, 6 мыңға жуығы түрлі жарақат алған. Тағы 8 мыңдайы құлдықтың құрығына түскен.
Айта кетейік, бүгінде әлем бойынша 400 миллионға жуық бала қарулы қақтығыс аймақтарында өмір сүріп жатыр.