Қырғызстанда сел жүріп, бес адам мерт болды

Қырғызстанда нөсерден кейін сел жүріп, 5 адам опат болды, деп хабарлайды 24kz.

Тағы 2 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Оқиға Ош облысындағы Ноокат ауданында болған. Мұнда төтенше жағдай жарияланды. Өңірде 2 көпір бүлінген. Ондаған ауланы су басты. Электр тарату желілері зақымданған. Соның салдарынан 3 мыңдай адам жарықсыз отыр.