Албания мигранттарды қабылдауға дайындалып жатыр

Албания мигранттарды қабылдауға дайындалып жатыр

Құқық қорғаушылардың наразылығына қарамастан, Албанияда мигранттарға арналған екі орталық салынып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Олардың құрылысы тамызда аяқталуы тиіс. Бірнеше ай бұрын ел билігі Италия тарабымен келісімге қол қойған. Соған сәйкес, Италияға келген мигранттар Албаниядағы уақытша орталықтарға жіберіледі. Олар 36 мың адамды қабылдауға арналған. Аппенин түбегіне ағылған босқын көп. Ресми Рим олардың бәрін жайғастыратын орын жетпей жатқанын айтады. Бірақ құқық қорғаушылар «бұл – адам құқықтарын бұзу», дейді. Италия оппозициясы да шешімді құптап отырған жоқ. Өйткені жобаға көп ақша кетеді. 5 жыл ішінде келісім аясында оған 600 миллион еуро жұмсалуы тиіс.