АҚШ кәрізден аққан қалдық судың астында қалуы мүмкін

АҚШ-тың 3 ірі қаласын су басуы мүмкін.

Бұл Нью-Йорк, Филадельфия және Бостон.

Ғалымдардың айтуынша, бұған кәріз жүйелерінің дұрыс салынбауы себеп. Содан ағынды сулар өзен-көлдерге қосылып жатады. Бұған жаһандық жылыну салдарынан теңіз деңгейінің көтерілуін қосыңыз. Осыған дейін өзге ғалымдар тобы да 2025 жылы АҚШ-тың 32 қаласын су басу қаупі бары ескерткен. Онда жергілікті халықтың 30 пайызы өмір сүреді. Ол кезде де "Қауіпті қалалар" тізіміне осы Нью-Йорк, Филадельфия мен Бостон кірген.